«Буллинг және оның алдын алу»

Жаңалықтар
17.04.2025 жыл күні 5-7 сынып оқушыларымен «Буллинг және оның алдын алу» тақырыбында психолог сағаты жүргізілді
Психологиялық тренинг мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы кездесетін буллингтің, кибербуллингтің түрлерін, себептерін анықтау. Буллинг, кибербуллинг туралы ақпарат беру және оның алдын алу жұмысын жүргізу
Міндеттері:
Оқушыларды «қорқыту» түсінігімен, қорқытушы және буллинг құрбанына айналатын балалардың типтік ерекшеліктерімен таныстыру; қудалау кезінде мінез-құлық дағдыларын дамыту; заңға бағынатын азаматты тәрбиелеуге үлес қосу.
✅Барысы:
1. Танысу, амандасу
2. Сұрақ жауап
3. Видеоролик
4. Слайд
5. Төте жолдар жаттығуы
6. Додокаэрмен сұрақтар
Тренинг 5-7 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Оқушылардың буллинг туралы негізгі ақпараттары бар болып шықты. Алайда буллингтің түрлерімен, оның қалай жүргізілетінімен, болған жағдайда қалай әрекет жасау керек екенінен бейхабар болып шықты. Тренинг барысында арнайы дайындалған видеороликтер мен слайдтан көрсетіліп, Буллинг жөнінде толықтай ақпарат берілді. Оқушылар алған ақпаратын ортаға салып, талқылап,Додокаэр арқылы сұрақтарға жауап беріп, тренингті қорытындылады.
Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
"Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 2 облыстық мамандандырылған мектеп- лицей-интернаты" КММ