«ЖАСЫЛ АПТА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ☘️ ҚҰСТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Жаңалықтар
№2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9 «А» сыныбы оқушылары табиғатқа жанашырлық танытып, құстарға ұя жасап, оларды ағаштарға ілді. Бұл іс-шара жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялауға деген жауапкершілігін арттырды.
Оқушылар құстардың көктемгі тіршілігіне жағдай жасау үшін ұяларды өз қолдарымен жасап, оларды ыңғайлы әрі қауіпсіз жерлерге орналастырды. Мұндай игі бастама тек құстарға ғана емес, балалардың бойындағы ізгілік пен қамқорлық сезімін нығайтуға да үлкен үлес қосты.
Құстар – табиғаттың сәні, орман мен дала әуенін әуелеткен тіршілік иелері. Оларды қорғау – әрбір адамның, әсіресе өскелең ұрпақтың міндеті. Жасұландықтардың бұл игі ісі өзгелерге үлгі болары сөзсіз!
Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
"Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 2 облыстық мамандандырылған мектеп- лицей-интернаты" КММ