Автор adminОқу 1 туыстасКөрсету105ЖарияландыModified by
28.04.2025 жыл күні Арал аудандық кәсіпкерлер палатасының филиаль директоры Ембергенова Нурсауле Сайлауқызы, Арал аудандық Мансап орталығының бөлімше басшысы Жаймақова Камилла 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кәсіпкерлікті қолдау және мансап орталығының негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау.
Орталықтың мақсаттары:
Жас кәсіпкерлерге кәсіпкерлік негіздерін үйрету;
Бизнес бастауға және дамытуға қажетті кеңес беру;
Мансаптық бағыт-бағдар беру, жұмысқа орналасуға қолдау көрсету;
Іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік жасау;
Стартап жобаларды сүйемелдеу және инновациялық бастамаларды қолдау;
Жастардың кәсіби әлеуетін арттыру арқылы елдің экономикалық дамуына үлес қосу.
Оқушылар мамандарға сауалдарын қойып, жауап алды.
Басты ұстанымы – әрбір жастың өз арманына жетуіне көмектесу және табысты кәсіпкер немесе білікті маман болуына жағдай жасау!