ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ
2024 жылдың 21 ақпанында мектеп-лицей-интернатында «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Конкурсқа 12 сынып тәрбиеші қатысып, «Сабақ аяқталған соң…» бағыты бойынша педагогикалық идеяларын ұсынды.
⚜️ ⚜️ ⚜️
Фестивальдің мақсаты: педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу.
⚜️ ⚜️ ⚜️
Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегі мен нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған. Педагогтер ұсынған тың идеялар бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланды. Жүлделі орын иегерлері мектеп директорының дипломымен және бастауыш кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
"Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 2 облыстық мамандандырылған мектеп- лицей-интернаты" КММ