№2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернатында 19 сәуір күні сынып тәрбиешілері Г.Алдажарова, Ғ.Балманова, Ж.Рзағазиева, А.Қараманқызының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 9-10 сынып оқушылары арасында Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми жетістіктерін насихаттау мақсатында С.Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» кітабына ғылыми конференция өткізілді. Конференция барысында жоғарғы сынып оқушылары Н. Сержанқызы «Қаныш және ғылыми майдан», П. Мералы «Қаныш Сәтбаевтың ғылымға қосқан әлеуметтік-мәдени әсері», И. Маратов «Қ.Сәтпаевтың ғылыми мұрасы, геология ғылымындағы жетістіктері» тақырыбындағы баяндамалар оқыды. Викториналық сұрақтарға оқушылар мүдірмей жауап беріп, кітапта берілген қызықты деректермен бөлісті. Конференция қонақтары мектебіміздің ардагер ұстазы Н.Құсайынова: Конференцияға қатысқан оқушылардың тыңғылықты жауаптары, сөз саптаулары, ойларын жеткізулері, қатысушыларды өзіне қаратып сөйлей білу қабілеттеріне тәнті болдым. Болашақта Қаныш аталарының ізін қуар білімге, ғылымға құштар оқушылар шығатынына сенімдімін деп өз пікірін білдірді. Аудандық Толқын газетінің тілшісі Г Сақтапова, № Аудандық №1 және №3 қалалық кітапхана меңгерушілері А. Нағашыбаева мен А. Мергенбаева қатысып, оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.
Ғалым мұрасы арқылы біз жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелей аламыз, – деп қорытындылады мектеп басшысы Г.А.Есенбаева




