«Балалар және ғарыш» республикалық байқауы

ҚР ОАМ-нің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары арасында Космонавтика күніне арналған «Балалар және ғарыш» республикалық байқауында мектебіміздің оқушылары «Адам ғарышта» номинациясы бойынша жүлделі орындарды иеленді!
ІІ дәрежелі диплом иегері:
Хаджы-Мұрат Жасқыран
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Жанболатұлы Бекжан
Нағыметова Гүлім
Оқушыларымызды білімге деген қызығушылығы мен шығармашылық белсенділіктері үшін шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Садықов Қараман Серікбайұлы.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Әрі қарай да биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!
Презентация жұмыстары жасанды интеллект платформалары мен Canva құралын қолданып, заманауи талаптарға сай безендіріліп дайындалды.
Мақаланы бағалаңыз
Достарыңызбен бөлісіңіз
"Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 2 облыстық мамандандырылған мектеп- лицей-интернаты" КММ